Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Коста-Рика - Сербия: Кім мықты

Коста-Рика - Сербия: Кім мықты
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде жалауын көтерген Әлем біріншілігі жанкүйер қауымның жанарын жаулап алғаны сөзсіз.

Ғаламдық доданың алғашқы үш күні артта қалды. Енді бүгін жасыл алаңға Е тобының мықтылары шығады.

Осыдан төрт жыл бұрын Бразилия жерінде бүкіл әлемді таңғалдырған Коста-Рика құрамасы Ресейге де үлкен мақсат арқалап келгені шын. Ал олардың алғашқы қарсыласы Еуропаның өкілі - Сербия құрамасы.

Бұл екі команданың басты айырмашылығы мынада, солтүстік америкалықтар ала-құла ойын көрсетеді. Бірде керемет ойнап таңғалдырса, бірде өте сүреңсіз өнерімен көңіліңді қалдырады. Ал Сербия құрамасы өзінің тұрақты ойын мәнерімен есте қалады. Асып-тасыған алпауыт команда емес, бірақ, анау-мынауға беріле салатын бос белбеу тағы емес. Осы кезекті Әлем чемпионатына іріктеу сынында он ойынның біреуінде ғана жеңілгені осы сөзіміздің дәлелі болса керек.

Біздің болжам: Сербия жеңеді. 1,91 коэфицент.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер