Ахмедов пен Сәбіров салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Ахмедов пен Сәбіров салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қанададағы Шавиниган қаласында (Квебек провинциясы) қазақстандық өкілдер де қатысатын бокс кеші алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

<span>Супер орта салмақтағы Нұрзат Сәбіров (6-0, 5 КО) өзінің мексикалық қарсыласы 40 жастағы  Гильермо Ромеромен (12-6, 9 КО) бетпе-бет кездесті. Олардың жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген. </span>

<span>Ал бірінші орта салмақ дәрежесіндегі Садриддин Ахмедов (2-0, 2 КО) өзге мексикалық, 38 жастағы Густаво Гарибаймен айқасады. Бұл 6 раундқа созылады. </span>

<span>Бокс кеші 16 маусымда (Қазақстан үшін 17 маусымның таңы)  Centre Gervais Auto алаңында өтеді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или