ВИДЕО. Альварес Головкинмен екінші кездесуге келіскеннен кейін әлеуметтік желіде арнау жолдады
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен екінші кездесуге келіскеннен кейін әлеуметтік желіде арнау жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz
«Головкинмен алдағы жекпе-жекке келіскендігімді сіздерге хабарлауға асықпын. Біз 15-ші қыркүйек күні жұдырықтасатын боламыз. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды екенін ұмытпаңыздар», - дейді «Канело» инстаграмға жүктеген видеосында.
Естеріңізге сала кетсек, Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) пен Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) екінші кездесудің болатыны туралы бірнеше сағаттар бұрын шешім қабылданған болатын.
<br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или