«Канело» келесі кездесуін өткізу үшін спорт кешенін жалға алып қойды

«Канело» келесі кездесуін өткізу үшін спорт кешенін жалға алып қойды

Допинг сынағынан өте алмай бокстан шеттетілген екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) келесі кездесуі қандай спорт кешенінде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Бұған дейін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес «Канелоның» шаршы алаңға 15 қыркүйек күні оралатынын айтқан болатын. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтіп, PPV (ақылы көрсетелім) жүйесі бойынша көрсетіледі.

Ал Las Vegas Review Journal-дің мәліметі бойынша, Golden Boy Promotions компаниясы Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде 15 қыркүйек күні жекпе-жек өткізу үшін өтініш білдірген. Бұл өтінішті Невада штатының Атлеттер комиссиясы 14 маусым күні өтетін отырысында қарастырады.

Айта кетейік, Альварес өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қыркүйек айында дәл осы спорт кешенінде өткізген болатын. Ол кезде 12 раундтық жекпе-жекте ол WBA (Super), IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) тең түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или