Елеусіновтың командасы 28 шілдеге үшінші қарсыласты іздестіруде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Елеусіновтың менеджері келесі қарсыласы туралы айтты
Кездесу Лондандағы танымал О2-аренасында өтеді. Бұл туралы венгрлік Золтон Шебоны жеңген кезде Даниярдың промоутері Эдди Хирн хабарлаған болатын. Осы ретте, Зия Алиев Лондонда өтетін бокс кешіне қарсыласты таңдауда берілетін басымдықтарды атады.
- Даниярға кәсіпқой бокста үшінші қарсыласты іздестіру қалыпты жүруде. Біз әлеуетті кандидаттардың жұдырықтасу стиліне, сонымен қатар қанша кездесу өткізіп оның қаншасын жеңгенін және қанша рет жеңілгеніне қараймыз. Бізге жарты әлемнен жеңіліс тапқандар да керек емес. Түрлі стильде жұдырықтасатын боксшыларды іздестіруге тырысудамыз. Боксшының бірінші қарсыласы шабуыл жасауды жақсы көретін. Екіншісі көбірек аяқпен қимылдайтын болды. Жалпы біз түрлі стильде бокстасатын қарсыластарды іздестірудеміз, - деді Әлиев.