Мексикалық боксшы Билли Джо Сондерсті қорқақ деп айыптады

Мексикалық боксшы Билли Джо Сондерсті қорқақ деп айыптады

Мексикалық Роберто Гарсия (41-3, 24 нокаут) Британия боксшысы Мартин Мюрреймен (36-4-1, 17 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екеін жеткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

- Мен Сондерс сияқты емеспін.Мюрреймен кездесуден қашпаймын. Мен өз титулымды (WBC Silver) бәске тігуге дайынмын. Тіпті, Мюррейді жеңу үшін Лондонда жекпе-жек өткізуге де қарсы емеспін. Менің промоутерім Дон Кинг осы кездесуді келісу үшін барын салады, - дейді <span>Гарсия.</span>

<span>Айта кетейік, 23 маусымға жоспарланған Сондерс — Мюррей жекпе-жегі өтпейтіні белгілі болған соң WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) қыркүйекте Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 KO) немесе Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі мүмкін екені айтылған еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или