Елеусінов жұдырықтасқысы келетін чемпиондардың гонорары қанша
ESPN телеарнасы америкалық боксшы Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) пен Аустралия өкілі Джефф Хорнға (18-0-1, 12 КО) алдағы кездесу үшін қанша төленетінін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
<span>Жартылай орта салмаққа ауысқан Кроуфорд WBO тұжырымының чемпионы Хорнмен бүгін таңертең Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында кездеседі. Осы кездесу үшін Теренске келісімшарт бойынша 1,75 миллион доллар төленеді, ал Top Rank промоутерлік компаниясы тағы да 3 миллион долларлық төлемақыға кепілдік беріп отыр. Ал Хорнның ресми гонорары 500 мың доллар, бұдан бөлек тағы да 1,25 миллион доллар мөлшеріндегі төлемақы кепілденген. </span>
<span>Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) те жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Таяуда ғана берген сұхбаттарының бірінде дивизион чемпиондары Кроуфорд және Хорнмен жұдырық түйістіргісі келетінін мәлімдеген болатын. Ал америкалық боксшы Елеусіновті рингте есінен тандыратынын айтқан.</span>