Батыр Жүкембаев: Жақын арада WBC титулы үшін жұдырықтасамын

Батыр Жүкембаев: Жақын арада WBC титулы үшін жұдырықтасамын

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Prosports.kz-ке берген сұқбатында алдағы жоспары туралы айтты.

- Сізде қазір WBC құрлықтық белбеуі бар. Бұл ұйымның толыққанды чемпионы атағы үшін қашан жұдырықтаспақсыз?

- Нақты айта алмаймын. Менеджер мен промоутерден тұратын командам бар. Қазір менің рингке шыққым келетін боксшымен жұдырықтаса алмай жүрмін. Себебі оны мен шешпеймін. Бірақ WBC аймақтық белбеуін алуын мені толыққанды титулға жақындатты. Құдай қаласа, бұл жекпе-жек те алыс емес.

- Геннадий Головкин әр жекпе-жек сайын боксшыларды кездесуге шақырады. Сіз жақын арада кіммен жұдырықтасуды қалайсыз?

- Головкиннің басқа деңгейде екенін түсіну керек. Оның салмағында бір-екі мықты боксшылар бар, соларды шақыра алады. Мен мен қазір өз дивизионымның көшбасшыларын жекпе-жекке шақыратын деңгейде емеспін. Кройфорд басқа салмаққа кеткен соң біздің дивизионда айқын көшбасшы жоқ. Бәрі шамалас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или