Ануар Мұзаппаров - Президент Кубогының жеңімпазы
Астана қаласында бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық дәстүрлі турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Бүгін боксшылар алтын медаль үшін жұдырықтасатын болады.
Ерлер арасында алғаш болып шаршы алаңға 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшылар шықты. Бұл салмақта қос қазақстандық күш сынасты. Нәтижесінде Жомарт Ержанды жеңген Теміртас Жүсіпов 2018 жылғы Президент кубогының иегері атанды.
Ал 52 келі салмақта алтын жүлдені Ануар Мұзаппаров пен филиппиндік Ладон Роген сарапқа салды. Бұл жұпта қазақстандық боксшының мерейі үстем болды.
Сөйтіп, ел қоржынына ерлер екі алтын медаль салып үлгерді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или