Футболдан ӘЧ-2014. Алжир – Африкадан мундиальға шыққан бесінші команда

Алжир өз алаңда Буркина-Фасоны жеңіп, Бразилияға жолдама алды.

Қарымта кездесу тартысты өрбіді. Дегенмен, алаң қожайындары керек жеңіске қол жеткізді. Матчтағы шешуші голды Маджид Бугерра соқты. Осылайша, Алжир құрамасы әлем чемпионатына шықты.

Естереңізге сала кетсек, бұның алдында Африкадан әлем біріншілігіне Нигерия, Кот Д'Ивуар, Камерун және Гана құрамалары жолдама алған болатын.

Алжир - Буркина-Фасо 1:0 (бірінші матч - 2:3)

Гол: Бугерра, 49

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или