Сатыбалдинованың 15 маусымдағы жекпе-жегі өтпейтін болды
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова рингке 15 маусымда америкалық Индастри қаласында шығады деп күтілген.
Аиданың қарсыласы америкалық Пеппер Диксон болуы тиіс еді. Алайда BoxRec.com ақпаратына сүйенсек, Аиданың жекпе-жегі 15 маусымда өтпейді.
Енді Сатыбалдинова 7 шілдеде Корпус-Кристиде (Техас штаты) жұдырықтасады. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Селина Барриос болмақ. Жеңіл салмақ аясындағы кездесу екі минуттан сегіз раундқа созылады деп жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или