Головкин мен Уорд кездесуі мүмкін

Бокстан WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес өзінің шәкірті мен американдық Андре Уордтың жеңістің биік шыңында тұрғанын айта келе, болашақта екі спортшының қолғап түйістіруі мүмкін екенін алға тартты.

«Өткен сенбі күні WBA дәрежесі бойынша орта салмақта әлемнің суперчемпионы Андре Уорд доминикандық боксшы Эдвин Родригеспен жұдырықтасып, кезекті рет өз атағын қорғап қалды. Жекпе-жектен кейін ол Геннадий Головкинді сыйлайтынын және онымен рингте жолыққысы келетінін айтты»,-деді Абель Санчес.

Сондай-ақ, Санчес американдық боксшыға қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқаны үшін 10 балдың 9,5-ін қоятынын айтып, Уордтың осыған дейінгі қарсыластарының шеберліктері төмен болғандығын және боксшы оларға психологиялық тұрғыдан қысым көрсетіп жүретінін атап өткен.

«Головкиннің техникасы мен жұдырықтасу дағдысы Родригеспен салыстырғанда жоғары. Болашақта екі спортшы шаршы алаңда жолығады деп үміттенемін. Бәрін уақыт көрсетеді. Қазір Геннадий мен Андре жеңістің биік шыңында тұр. Ал Уорд өз кезегінде Генадан мықты екенін алға тартуда. Бірақ бұл уақытша. Себебі, халық Головкиннің жеңгенін қалайды»,-дейді Абель Санчес.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Уордтың салмақтарында айырмашылық бар. Жерлесіміз американдық боксшымен кездесу үшін 4 келі салмақ қосуы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или