WBC «Канелоны» өз рейтингінде бірінші орынға қойды

WBC «Канелоны» өз рейтингінде бірінші орынға қойды

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО)<span> </span>WBC<span> </span>(Бүкіләлемдік бокс кеңесі) рейтингіне қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі СПОРТИНФОРМ порталына сілтеме жасап.<br /><br />Жаңартылған рейтингте Альварес бірінші орында тұр. Оның артынан америкалық Даниел Джейкобс (34-2, 29 КО) пен Деметриус Андраде (25-0, 6 КО) жайғасқан. Сондай-ақ, үздік бестікке ирландық Джейсон Куиглли (14-0, 11 КО) мен польшалық Камил Шеремета (17-0, 3 КО) да кірді. 

Ал, WBC нұсқасы бойынша титулдың чемпионы - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО). GGG-ға WBC-ден тыс, WBA (Super) және IBO белдіктері тиесілі.

Айта кетейік, 6-шы маусым күні IBF Головкинді титулынан айырған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или