Президент Кубогында жартылай финалға шыққан боксшылар анықталды

Президент Кубогында жартылай финалға шыққан боксшылар анықталды

Астанада Қазақстан Президентінің Кубогы додасында 52, 60, 69, 81 және 91 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде ширек финал жеңімпаздары анықталды деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап. 

52 келіде сынға түскен қазақ боксшысы Әнуар Мұзапаров өзбекстандық Жасурбек Латиповты жықты. Кездесу басталған бетте жарақат алған Жасурбектің жұдырықтасуына дәрігерлер рұқсат берген жоқ. Жартылай финалда Мұзапаров жапон боксшысымен жекпе-жек өткізеді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежедесінде Закир Сафиуллин жеңіске жетті. Енді Закир Бүкіләлемдік бокс сериясында «Uzbek Tigers» намысын қорғап жүрген Шункор Абдурасуловпен финал жолдамасын сарапқа салады.

69 келі салмақ дәрежесінде  Абылайхан Жүсіпов 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Махмуд Гаиповпен күш сынасады, ал Асланбек Шымбергенов тай спортшысы Сэйл Ардимен жолығады.

81 келіге дейінгі салмақтағы жартылай сындық бәсекелер қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов пен өзбекстандық Бектемір Меликущиев, ресейлік Имам Хатаев пен қазақ боксшысы Бек Нұрмағамбет арасында өтеді. Ал аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев Айбол Дәуренұлымен кездеседі. 

Бокстан ҚР Президентінің Кубогы додасы 10 маусымда аяқталады. Турнирді QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или