Гифу-2018: Спорттық жүрістен Екатерина Шлыкова алтыншы келді
Жапонияның Гифу қаласында басталған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бүгін спорттық жүрістен қазақстандық Екатерина Шлыкова да қатысты.
Спорттық жүрістен 10 шақырымға жарысқан бойжеткен қыздардың арасында Қытай, Жапония, Тайбэй, Қазақстан спортшы болды. Шлыкова мәреге алтыншы болып жетті (52 минут 43.48 секунд). Бұл оның карьерасындағы ең үздік көрсеткіштерінің бірі.
Жеңіс қытай қызы Ма Лидің еншісінде. Ол жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жаңа рекордын орнатты – 45:20.59. бұған дейінгі рекорд – 46:17.44 минут болған.
Екінші орын жапониялық Нанако Фуджиге бұйырды, үштікті тағы бір Аспанасты елінің өкілі Венксю Ли түйіндеді.
Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты. 7 маусым, Гифу.
Спорттық жүріс (10 шақырым).
Қыздар:
1. Ма Ли (Қытай) – 45:20.59 мин:
2. Нанако Фуджи (Жапония) – 45:24.35 мин;
3. Венксю Ли (Қытай) – 47:38.46 мин
……
6. Екатерина Шлыкова (Қазақстан) –52:43.83 мин.