Елеусінов: Лондонда алғаш рет кәсіпқой боксшы ретінде жұдырықтасқаныма қуаныштымын
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегі жайлы пікірін айтты.
2016 жылғы Олимпиада чемпионы венгриялық Золтан Шабоны төрешілер шешімімен жеңді.
«Өнеріме көңілім толады. Лондонда алғаш рет кәсіпқой боксшы ретінде жекпе-жек өткізгеніме қуаныштымын, фанаттар мені қатты қолдады. Осында оралар сәтті асыға күтемін», - деді Данияр.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 28 шілдеде Лондонда өткізеді. Оның қарсыласы әзірше белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или