Василий Жиров Елеусіновтің неге қарсыласын нокаутқа түсіре алмағандығын түсіндірді

Василий Жиров Елеусіновтің неге қарсыласын нокаутқа түсіре алмағандығын түсіндірді

Атланты-1996 Олимпиадасының чемпионы және IBF нұсқасының экс-чемпионы Василий Жиров Елеусіновтің неге қарсыласын нокаутқа түсіре алмағандығын түсіндірді, деп хабарлайды СПОРТИНФОРМ порталы.

«Қарсыласыңды нокаутқа түсіргің келіп, оны өзіңе басты мақсат етсең ештеңе де өнбейді. Шаршы алаңда мұның барлығы байқалады. Қарсыласың сенің қалауыңды бар жән тәнімен сезеді де қорғанысты одан ары бекітеді. Нокаутты алдын ала жоспарлап, қарсыласты састыру шарт. Жекпе-жек барысында оңтайлы сәт туды-ау дегенде ғана шешуші соққыны жұмсау керек. Оның үстіне, орта салмақта нокауттар сирек орын алады. Даниярға сәттілік тілегім келеді және барлық боксшыларымыз алдына қойған мақсаттарына жетсін!» -, деді Жиров.

Еске сала кетейік, Лондондағы «York Hall» орталығында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен венгриялық боксшы Золтан Шабо кездескен болатын. Елеусінов ұпай саны бойынша алға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или