Елеусіновтің промоутері келесі жекпе-жектің уақыты мен орнын жариялады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 28-ші шілде күні өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды<span> Prosports.kz тілшісі</span><span> </span>Boxingscene.com<span> </span>сайтына сілтеме жасап.
Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін тағы да Лондонда, <span>атақты О2 аренасында</span> өткізеді. Бұл туралы Sky Sports эфирінде боксшының промоутері Эдди Хирн мәлімдеді.
Айта кетейік, бүгін Лондондағы «York Hall» орталығында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен венгриялық боксшысы Золтан Шабо кездесті. Кәсіпқой бокстағы өзінің екінші кездесуін өткізген ол кезекті жеңіске қол жеткізді. Елеусінов барлық алты раунд бойы жұдырықтасып, ұпай саны бойынша қарсыласынан озды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или