Том Леффлер: Головкин үшін «Канело» жалғыз таңдау емес

Том Леффлер: Головкин үшін «Канело» жалғыз таңдау емес

WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер Villainfy Media-ға берген сұхбатында қыркүйекте Сауль Альвареспен жекпе-жек өтпеген жағдайда не істейтіндерін айтты.

Мексикалықтың промоутері Головкиннің не үшін «Канеломен» кездесіп 20 млн таппай, нашар боксшылармен 1-2 млн ақшаға бола жұдырықтасып жүргенін түсінбейтінін айтқан еді. Бұл пікірге Том Леффлер былай деп жауап берді:

– «Канеломен» кездесу тиімдірек болуы мүмкін. Бірақ GGG Билли Джо Сондерс, Сергей Деревянченко немесе Джермалл Чарломен кездессе де тамаша жекпе-жек өтері сөзсіз. «Үлкен» немесе «шағын» жекпе-жек деген болмайды. Егер қандай да бір себепке байланысты Альвареспен келісе алмасақ, онда Геннадий өзге де жақсы кездесулер өткізе алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или