Елеусінов: Халқыма медальдарымды көрсеттім, енді белбеу көрсеткім келеді

Елеусінов: Халқыма медальдарымды көрсеттім, енді белбеу көрсеткім келеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов екінші жекпе-жегі алдында шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. <br />- Сен үшін әлем чемпионы титулы үшін өз отаныңда жұдырықтасу қаншалықты маңызды? <br />- Шынымды айтсам, бұл менің арманым. Өз халқыма, туған қалама медальдарымды көрсеткенім үшін қуанғанмын, ал енді белбеулерімді де көрсеткім келеді. Бірақ туған қаламда әлемдік титулдар үшін жекпе-жек өткізсем, бұл орындалған арманым болар еді. <br />Айта кетейік, Елеусінов 6 маусымнан 7-не қараған түні Лондонда венгриялық Золтан Шабомен жұдырықтасады. Кездесу Астана уақытымен 00:30-да басталады. Трансляцияны «Хабар» телеарнасы көрсетпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или