Қанат Исламның қарсыласы анықталды
Бірінші орта салмақта WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
<span>Осыған дейін оның жекпе-жегі Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theatre ойын-сауық кешенінде өтетіні белгілі болған болатын. </span>
<span>Ал бүгін Отандасымыздың қарсыласы кім болатыны анықталды. Қанат 23 маусым күні 27 жастағын мексикалық Фернандо Каркамомен (23-8, 18 КО) шаршы алаңға шығады.<br /></span>
Фернандо соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 13 қазанында өткізді. Ол кезде үшінші раундта өзінің отандасы Эмилио Канисалесті (6-6-1, 5 КО) нокаупен ұтқан еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или