Головкин балаларға 5 мың еуро аударды

Сенбі күні Людвигсбургте өткен қайырымдылық кешінде WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қайырымдылыққа 5 мың еуро көлемінде қаражат аударды.

Удо Линденберг, Регина Хальмих, Ральф Меллер және Головкиннің менеджері Олег Германн секілді танымал спортшылар аса ауыр салмақта бұрынғы Еуропа чемпионы Луан Красничи мен тайланд боксшысы Уве Хюк арасындағы жекпе-жекті тамашалады.

Түскен қаражаттың жартысы SOS-балалар үйлерін қолдау үшін ұйымдастырылған Хюк қорына тапсырылады. Аталған балалар үйінде Головкин де белсенді қол ұшын беріп жүргенін атап өтейік. Қазақстан боксшысы іс-шараға жұбайымен, менеджері Макс Германн, сондай-ақ, досы және қауіпсіздік қызметінің бастығы Роланд Симонешимен бірге қатысты.

Төрешілердің шешімімен аталған қайырымдылық жекпе-жегінде Красничи Хюктан басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или