Қазақстан Әзірбайжан құрамасының тас-талқанын шығарды
«Астана Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасы мен Әзірбайжан арасындағы жолдастық матч өтті, деп жазады prosports.kz сайты.
Ойынның 12-ші минутында әріптесінен әуелетіп пас алған Роман Муртазаев допты баспен қақпаға дәл көздеп, есепті ашқан болатын. Арада 3 минут өткенде Серікжан Мужиков қарсыластарын қапы қалдырып, есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның қалған бөлігінде қауіпті сәттер көп болғанымен, гол соғылмады. Тек матчтың аяқталуына санаулы ғана минуттар қалғанда алаңға тыңнан шыққан Бақтиер Зайнутдинов алыстан жойқын соққы жасап Әзірбайжанның қақпасына үшінші голды соқты.
Жолдастық ойынды стадионнан ресми 22 мың 500 адам тамашалалаған.
Жолдастық ойын. Қазақстан - Әзірбайжан 2:0
Голдар: 12' Роман Муртазаев, 15' Серікжан Мужиков, 90' Бақтиер Зайнутдинов.
Қазақстан құрамасы: Эрич, Шомко, Малый, Постников, Бейсебеков, Қуат, Мужиков, Исламхан, Муртазаев, Тұңғышбаев, Щеткин.
Қосалқы құрам: Плотников, Сүйімбаев, Логвиненко, Әліп, Вороговский, Жуков, Парагульгов, Зайнутдинов, Федин, Тұрысбек, Швырев.