Қазақстан - Әзірбайжан матчына 22 мыңнан астам жанкүйер келді
«Астана Арена» стадионында өтіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Әзірбайжан арасындағы жолдастық матчқа 22 мыңнан астам жанкүйер келген, деп жазады prosports.kz сайты.
Жолдастық ойынды стадионнан ресми 22 мың 500 адам тамашалап отыр.
Айта кетейік, ойынның 12-ші минутында әріптесінен әуелетіп пас алған Роман Муртазаев допты баспен қақпаға дәл көздеп, есепті ашқан болатын. Арада 3 минут өткенде Серікжан Мужиков қарсыластарын қапы қалдырып, есепті 2:0-ге жетті.
Жолдастық ойын. Қазақстан - Әзірбайжан 2:0
Голдар: 12' Роман Муртазаев, 15' Серікжан Мужиков
Қазақстан құрамасы: Эрич, Шомко, Малый, Постников, Бейсебеков, Қуат, Мужиков, Исламхан, Муртазаев, Тұңғышбаев, Щеткин.
Қосалқы құрам: Плотников, Сүйімбаев, Логвиненко, Алип, Вороговский, Жуков, Парагульгов, Зайнутдинов, Федин, Тұрысбек, Швырев.