Халықаралық Олимпиада Комитеті спортшылар хартиясын толықтырып жатыр
ХОК спортшыларының арнайы Комиссиясымен құрылған, 20 спортшыдан тұратын атқарушы комитет Спортшылар Хартиясының алғашқы компоненттерін жарыққа шығарды.
Хартия дүниежүзіндегі спортшылардың негізгі міндеттері мен құқығын қорғауға және шешуге бағытталған және бес құрлықтағы 200-ге жуық спортшының қатысуы нәтижесінде реттелген.
Атқарушы комитет үздік спортшыларды екінші фазаны зерттеуге атсалысуға шақырып, құжатты ары қарай қалыптастаруды келесі кезең ретінде қарап отыр. Атқарушы комитеттің құрамындағы 20 спортшы қатарында ҰОКА-ның бес өкілі, халықаралық федерациялардың 10 өкілі, паралимпиадалық комитеттің бір өкілі, Бүкіләлемдік олимпиадашылар ассосациясының бір өкілі және ХОК спортшыларының Комиссиясынан үш өкіл бар.
Қазіргі кезде бес бағыт бойынша жинақталған спортшылар Хартиясы әлем спортшылары тап болатын маңызды мәселелерді қамтиды. Оған: 1) әділдік пен таза спорт 2) басқару және қарым-қатынас 3) мансап және маркетинг 4) күзет 5) спорттық байқау енеді.
Бүгінде спорт әлемі күн санап дамып келеді. Сол себепті, қандай да бір мәселелер туындаған кезде спортшылардың құқығын қорғап, мүмкіндіктеріне бей-жай қарамау маңызды.<span> </span>