Өтуі мүмкін деген Головкин - Сондерс жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Өтуі мүмкін деген Головкин - Сондерс жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Танымал Daily Mail британдық басылымы, Билли Джо Сондерс пен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек болмайтындықтан, ол Геннадий Головкинмен немесе Сауль Альвареспен кездесуі мүмкін деп есептейді.

«WBO белдеуі бар Сондерс аяқ-асты қарсылассыз қалды. «Канелоға» 15 қыркүйекте Лас-Вегаста Мексиканың Тәуелсіздік күніне орай өтетін айқаста сенімді бәсекелес қажет. Егер Сондерс Головкинмен айқасса, жекпе-жек Англияның футбол стадионында – Лондондағы Олимпиада стадионында өтуі мүмкін. Головкинге міндетті үміткерлермен жұдырықтасу қажет, ал «Канелоның» ешқандай міндеті жоқ. Ол Сондерсті чемпиондық белбеуге жетудің ең қысқа жол ретінде қарастырып жатыр. Лас-Вегас және T-Mobile Arena – бұл айқас үшін ең тиімді орын», – деп жазды Daily Mail.

Еске салайық, Головкин WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Сондерс – WBO белбеуінің иегері. Головкин мен «Канелоның» қыркүйектегі рематчы қаржылық келіспеушіліктерге байланысты тоқтап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или