Бокстан ҚР Президенті Кубогына 15 елдің боксшылары қатысады
5 маусым күні Астанада бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық дәстүрлі турнирі басталады, деп хабарлайды prosports.kz сайты бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл додаға әлемнің 16 елінің боксшылары қатысады.

Атап айтар болсақ, Беларусь, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Ресей, Швеция, Тәжікстан, Таиланд, Түркменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстан боксшылары турнир көрігін қыздыруға дайын.

Көптеген құрама шаршы алаң иелерінің оқу-жаттығу жиынына қатысып, шеберлік арттыруды ұйғарған. Бұл тәжірибе бокс тарихында бұрыннан бар, бірақ тоғыз елдің боксшылары алғаш рет оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

- Үш рет біріккен жаттығу өткізу жоспарда бар. Боксшыларды жекпе-жекке шығарып, техникалық және тактикалық шеберлікті арттырамыз, - дейді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Естеріңізге сала кетейік, бокс бәсекесі 5-10 маусым күндері «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.