Геннадий Арзуманян мемориалынан үш медаль бұйырды

Геннадий Арзуманян мемориалынан үш медаль бұйырды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жаңадан салынған жеңіл атлетика стадионында Өзбекстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Арзуманянды еске алуға мемориал өтті, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Жергілікті Өзбекстанның спортшыларымен қатар бұл жарысқа Қазақстан және Тәжікстанның да атлеттері қатысты. Біздің елден екі спортшы барып қайтты.

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Светлана Кузнецова екі бірдей сайыс түрінен өнер көрсетті. 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден чемпион атанды. Кузнецованың уақыт көрсеткіші – 1:01.34 мин. Екінші және үшінші орынды Өзбекстанның екі атлеті иеленді. Олар: Наталья Асанова (1:02.05 мин.) және Камила Мирсалиева (1:04.02 мин.).

Ал 400 метрге жүгіруде Кузнецова үшінші орынға ие болды ( (58.64 сек.). Жерлесіміз Нигина Шарипова (54.84 сек.) мен Камила Мирсалиеваға (58.32 сек.) есе жіберді.

Ал Шығыс Қазақстан облысының атлеті Регина Сәрсекова үш қарғып секіруден қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл сайыс түрінен бірінші орынды Ирина Белова (Өзбекстан, 13.14 м) жеңіп алса,екінші орынға – Лилия Манасыпова (Өзбекстан, 12.67 м) тұрақтады. Сәрсекова Ташкентте 12.25 метрге секірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или