Конфедерация кубогының жеребе тарту рәсімі өтті

Конфедерация кубогының жеребе тарту рәсімі өтті

Астанада Конфедерация кубогының ІХ маусымындағы бокс бәсекесінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz <span> тілшісі</span><span> «SPORTINFORM» порталына </span>сілтеме жасап.

Жеребе тарту рәсіміне бокстан әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева қатысты. Рәсім кезінде командалар тең түскен жағдайда, жеңімпазды анықтау мақсатында өткізілетін шешуші жекпе-жектің қай салмақта өтетіні де белгілі болды. Сондай-ақ, ширек финалдық кездесулерді қабылдайтын қалалар да анықталды.

2018 жылы А тобына Алматы, Батыс-Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары енді.

С тобында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Ақтөбе облыстары енген. 6-9 қыркүйек күндері А тобындағы кездесулерді Павлодар, С тобындағы жекпе-жектерді Шымкент қабылдайды.

В тобына Астана, Атырау, Солтүстік-Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары енсе, D тобына Маңғыстау, Алматы, Қызылорда және Ақмола облыстары кірді. Қыркүйектің 13-16 аралығында екі топтағы ширек финалдық бәсекелер Петропавл және Ақтау қалаларында өтеді. Әрбір 16 команданың құрамында 20 спортшыдан бар (10 – негізі құрам, 10 – қосалқы құрам).

<span>Екі команданың әрбір кездесуі 10 жекпе-жектен тұрады (Егер есеп 5:5 жағдайымен тең аяқталса, қосымша кездесу өтеді)</span>

<span>Жеңімпаз команда дәстүр бойынша 25 миллион теңге сыйақы алады. Өткен маусымдардағы Кубок иесі атанған командалар: Астана (2010,2013), Қарағанды (2011), Жамбыл (2014), ОҚО (2015,2017) және Маңғыстау (2012,2016) облыстары.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или