Головкин - Сондерс жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Головкин - Сондерс жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Ұлыбританиялық Daily Mail басылымы WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО) отандасы Мартин Мюрреймен (36-4-1, 17 КО) өтетін жекпе-жектен бас тартқаннан кейінгі жопары жайлы жазды, деп хабарлайды prosports.kz сайты kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

3 маусымда Сондерс жарақатына байланысты Мюрреймен 23 маусымда Лондонда өтеді деп жоспарланған жекпе-жектен бас тартты. WBO чемпионы осыған дейін де жекпе-жекті кейінге қалдырған еді.

Сондерс орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) не мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек өткізу үшін жарақатын сылтауратып отыруы мүмкін.

Мюррей 2015 жылы Монакода Головкинмен шарша алаңда кездесіп, 11 раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Daily Mail мәліметінше, Сондерс пен оның промоутері Фрэнк Уоррен Головкин не Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін келісіп, Мюрреймен өтетін жекпе-жекен бас тартқан.

- Сондерс - маусым соңына Мюрреймен жоспарланған жекпе-жектен бас тартқаннан кейін, қыркүйекте Альварес не Головкинмен жұдырықтасатын болады. Альварес келесі жекпе-жегін 15 қыркүйекте - Мексиканың тәуелсіздігі күні Лас-Вегаста өткізеді деп жоспарланған.

Ал егер ол Головкинмен жекпе-жек өткізетін болса, онда кездесу күзде Ұлыбритания астанасы Лондондағы футбол алаңдарының бірінде өтуі мүмкін. Головкин үшін бұл абсолют чемпион болу мақсатында жақсы мүмкіндік. Ұлыбританиялық боксшының промоутері Альвареспен не Головкинмен келісімге келмесе, Мюрреймен жекпе-жек өткізуден бас тартпасы анық, - деп жазады Daily Mail.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или