WBC президенті GGG - «Канело» келіссөзінің оң шешім табуынан үмітті
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман Геннадий Головкин мен Сауль Альварес қыркүйекте өтуі мүмкін жекпе-жектің келіссөзінде бір ымыраға келгенін қалайды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Осыған дейін биыл күзде кездесу өткізеді деп күтілген «Канело» мен GGG сыйақы мөлшеріне келісе алмай, келіссөз тоқтатылған еді.
- Тараптар арасындағы келіссөздердің қалай аяқталатыны белгісіз. Бірақ бүкіл әлемнің бұл кездесуді көргісі келетініне сенімдімін. Боксшылар осы жоғары сұранысты түсініп, өзара келісімге келеді деп үміттенемін. Біз екі тараппен де байланысып, шын мәнінде екі жаққа да осы жекпе-жекті өткізудің маңыздылығын түсіндіруге тырысамыз », - деді Сулейман Boxingscene.com-ге берген сұқбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или