Мария Шарапова журналист болмақ

Ресейлік теннисші Мария Шарапова Сочидегі Олимпиада ойындары кезінде тележүргізуші болып, американдық NBC телеарнасы үшін репортаждар дайындамақ, деп хабарлайды Утро.ру сайты.

«Мария бүгінде әлемдегі танымал жұлдыздардың біріне айналды. Ол алты жасына дейін Сочиде өсіп-өнген, онда туыстары мен достары тұрады, сондықтан да одан көрермендер оқиғаға бірегей көзқарасын күтеді», - дейді NBC атқарушы продюсері Джим Белл.

Мария Шарапова Forbes нұсқасы бойынша ең бай спортшылар рейтингісіне кіреді. 2012-2013 жылдардағы маусымда Шарапованың кірісі 29 миллион долларға жеткен. Ол кортта небәрі 6 млн. доллар тапқан, қалған 23 млн. доллар жарнамалық келісім-шарттардан түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или