Головкин Чарломен жекпе-жек үшін қанша сыйақы алады

Головкин Чарломен жекпе-жек үшін қанша сыйақы алады

Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Джермалл Чарломен жұдырықтасса, шамамен, қанша қаражат табатынын айтты.

«Головкин Чарломен кездесуі үшін көп дегенде 2 миллион доллар алады. Ал Канелоға қарсы жекпе-жекте оған он есе пайда түседі», - деп жазды автор.

Айта кетейік, Головкин қыркүйекте Сауль Альвареспен жұдырықтасады деп күтілген, алайда қос тарап келісе алмай жатыр.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или