«Канело» кездесу өткізуі мүмкін үш боксшының есімі аталды

«Канело» кездесу өткізуі мүмкін үш боксшының есімі аталды

Сауль Альварес Головкинмен қарымта кездесуден бас тартқан жағдайда жекпе-жек өткізуі мүмкін мықты қарсыластардың тізімі жасалады, деп хабарлайды prosports.kz сайты Boxingnews24.com-ге сілтеме жасап.

Материалда жазылуынша, егер «Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясы реваншты өткізбейміз деп шешсе төмендегі үш боксшымен кездесу өткізуі мүмкін екен.

Тізімде көрсетілген үш боксшы мыналар, ирландиялық Гэри О'Салливан (28-2, 20 KO) - қыркүйек айында; WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) - желтоқсанда; канадалық Давид Лемье (39-4, 33 KO) - 2019 жылы мамыр айында.

Естеріңізде болса, биыл күзде қайта кездеседі деп күтілген «Канело» мен GGG сыйақы мөлшеріне келісе алмаған еді. 

Ақпарат құралдарында жазылуынша бұған мына жағдай себеп болған, Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) командасы қазақстандықпен өтетін қарымта матчтан түскен табыстың 65%-ын өзіміз аламыз деп отыр. Ал отандасымыздың командасы табысты теңдей бөлсек деген талаптарын қойды. Осы мәселеге келгенде қос тараптың жолы екіге айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или