Джермалл Чарло: Головкин менімен кездескісі келмейді

Джермалл Чарло: Головкин менімен кездескісі келмейді

Бірінші орта салмақта әлем чемпионы (IBF, 2015-2017), сонымен қатар, орта салмақ дәрежесінде WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Джермалл Чарло Геннадий Головкиннің де, Сауль "Канело" Альварестің де онымен рингке шыққысы келмейтінін мәлімдеді.

 - Геннадий Головкин - әлем бойынша орта салмақта ең мықты. Ол қазір биікте тұр, алайда менімен кездескісі келмейді. Оскар Де Ла Хойя да "Канелоға" қарсы жекпе-жек туралы ұсыныспен маған хабарласқан емес, қауесетке сенбеңіздер, - деп келтірді америкалық боксшының сөзін Аllboxing.ru.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или