Танымал The Ring басылымы қазіргі таңда орташа салмақтағы ең мықты боксшыны анықтау үшін 24 сарапшы арасында сауалнама жүргізді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.
24 әлемдік сарапшы Головкинді орта салмақтағы ең мықты боксшы деп мойындады
Талдаушылар Геннадий Головкиннің, Сауль Альварестің, Деметриус Эндрейдтің, Дэниэл Джейкобстың, Билли Джо Сондерстің, Сергей Деревянченконың және Джермалл Чарлоның қатысуымен өткен орташа салмақтылардың болжалды турнирлерінің жекпе-жектерінің қорытындыларын талдауды ұсынды.
Барлығы 21 жекпе-жек. Әр болжалды жекпе-жек үшін боксшыға 1 балдан қосылды, тең түссе - 0,5 балл. Дауыс беру нәтижесінде Головкин жеңіске жетті. 19 сарапшы оның «Канелоны» жеңетініне сеніп дауыс берді, Чарломен өткен жекпе-жектің болжалды жеңісінің балы – 18,5; Джейкобспен –16, Эндрейдпен – 22, Сондерспен – 21,5, Деревянченкомен – 23ті құрады. Нәтижесінде GGG 120 балл жинады.
Одан кейін орындарға жайғасқан боксшылар:
2. Сауль Альварес – 101 3
3. Джермалл Чарло – 80 4
4. Дэниэл Джейкобс – 74 5
5. Деметриус Эндрейд – 53,5 6
6. Билли Джо Сондерс – 48,5<span><br /></span>