Головкиннің бапкері Уордтың өнерін тамашалады

Головкиннің бапкері Уордтың өнерін тамашалады

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес американдық боксшы Андре Уорд пен доминикандық Эдвин Родригестің жекпе-жегін тамашалады.

Уорд пен Родригестің кездесуі қарашаның 16-нан 17-не қараған түні Калифорния штатында өтті. Кездесуде америкалық спортшы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Андре Уорд осымен 26 кездесу өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтаған. Бұл жолы Уорд WBA дәрежесі бойынша чемпиондық белдігін қорғады.

Сонымен қатар, бұл жекпе-жекті тамашалауға қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес пен промоутері Том Лефлер арнайы келді. Бұл кездесуге Головкин де шақырту алған, алайда, жерлесіміз: «Уордты құрметтеймін, ол өте жақсы жігіт. Бірақ та үйде жатып, ұйқымды қандырғаным әлдеқайда жақсы» - деп жауап қатқан.

Айта кету керек, Головкиннің келесі жылдың 2 ақпанында өткізетін кездесуіне ең негізгі қарсылас осы Уорд болуы мүмкін деген әңгімелер айтылған еді. Алайда, америкалық боксшы қорыққан болуы керек, Головкинмен шықпайтынын мәлімдеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или