GGG Сондерспен неліктен жұдырықтаспады?

GGG Сондерспен неліктен жұдырықтаспады?

WBA/WBC/IBF тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин мен WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс арасында әлі күнге жекпе-жек ұйымдастырылмауына британдықтың шамадан тыс қаржылық талаптары кедергі болып отыр. Бұл туралы GGG-дің промоутері Том Леффлер айтты.

- Соңғы үш жыл бойы Сондерспен жекпе-жек ұйымдастыруға тырысып келеміз. Олардың көңілінен шыға алмай-ақ қойдық,  қаржы мәселесінде ешқашан бір келісімге келген емеспіз. Өткен жолы жекпе-жек ұйымдастыру үшін қарсыластарға артығымен төледік. Кейбір адамдар GGG-мен жұдырықтасқысы келмейді, — деді Леффлер The Ring-ке берген сұхбатында. 

Өткен жылы Головкин мен Сондерстің жекпе-жегін Астанада жазда өткізу жоспарланған болатын, дегенмен қазақстандық қыркүйекте Сауль Альвареспен кездесетін болғандықтан одан бас тартты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или