Altay athletics клубының спортшылары «Гауһар лигада» үшінші орын алды

Altay athletics клубының спортшылары «Гауһар лигада» үшінші орын алды

Италия астанасында өткен «Гауһар лигасының» төртінші кезеңі қазақстандық Altay athletics кәсіби клубының кениялық мүшелері үшін сәтті өтті. Нора Джеруто 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде үшінші орыннан көрінді. Ал Дэйзи Джипкемей мәреге жетінші болып келді.

Римдегі Олимпиадалық стадионда әлемнің ең үздік желаяқтары жарысты. Нәтижесінде, қазақстандық клубтың спортшысы мәре сызығын үшінші болып кесті.

31 мамыр. Рим. «Гауһар лигасы», 4-ші кезең. 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру (әйелдер)

1. Хивин Киенг Джепкемой (Кения) – 9.04,96 мин.

2. Селифина Чеспол (Кения) – 9.05,14 мин.

3. Нора Джеруто (Кения) – 9.07,17 мин.

… 7. Дэйзи Джипкемей (Кения) – 9.18,44 мин.

«Гауһар лигасының» бесінші кезеңі 7 маусым күні Ослода өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или