Altay athletics спортшысы «Гауһар лигасында» үшінші орын алды
31 мамыр күні Италия астанасында өткен «Гауһар лигасының» төртінші кезеңі қазақстандық Altay athletics кәсіби клубының кениялық мүшелері үшін сәтті өтті. Нора Джеруто 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде үшінші орыннан көрінді. Ал Дэйзи Джипкемей мәреге жетінші болып келді деп жазады Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасаған<span> </span>olympic.kz.
Римдегі Олимпиадалық стадионда әлемнің ең үздік желаяқтары жарысты. Нәтижесінде, қазақстандық клубтың спортшысы мәре сызығын үшінші болып кесті.
31 мамыр. Рим. «Гауһар лигасы», 4-ші кезең. 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру (әйелдер)
1. Хивин Киенг Джепкемой (Кения) – 9.04,96 мин.
2. Селифина Чеспол (Кения) – 9.05,14 мин.
3. Нора Джеруто (Кения) – 9.07,17 мин.
… 7. Дэйзи Джипкемей (Кения) – 9.18,44 мин.
«Гауһар лигасының» бесінші кезеңі 7 маусым күні Ослода өтеді.