Данияр Елеусіновтың кәсіпқой рингтегі кезекті қарсыласы анықталды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың (1-0, 1 КО) Ұлыбританияда өтетін жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
<span>BoxRec.com порталының хабарлауынша, оның қарсыласы 30 жастағы Габор Горбич (24-11, 14 КО) болады. Жартылай орта салмақта өтетін кездесу 6 раундқа созылмақ. Боксшылар 6 маусым күні Лондондағы (Ұлыбритания) York Hall кешенінде Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) - Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) кездесуінің андеркартында өтеді. </span>
<span>Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін 28 сәуір күні Нью-Йоркте (АҚШ) Дэниэл Джейкобс - Мацей Сулецкидің кездесуінің андеркартында өткізген болатын. Ол 6 раундтық жекпе-жектің 3-ші раундында америкалық боксшы Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңді.</span>