«Гауһар лигасына» қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

«Гауһар лигасына» қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

31 мамыр күні Италия астанасы Римде «Гауһар лигасының» кезекті айналымы өтеді. Бұл жолы жүлдеге таласатындар қатарында әлемдегі танымал жеңіл атлеттер көп деп хабарлайды жеңіл атлетика сайтына сілтеме жасаған olympic.kz. 

Римде «Гауһар лигасының» төртінші кезеңі бастау алады. Олимпиадалық стадионда өтетін турнирдегі негізгі жарыс кестесіне спорттың 13 түрі енгізілген (сегіз ерлер, бес әйелдер спорты). Жалпы алғанда, «Гаухар лигасына» спорттың 32 түрі енеді.

Аталған сында әйелдер биіктікке секіру, диск лақтыру, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 200 және 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жарысқа түседі.

Ал ерлер 100, 400, 800, 1 500 метрде жүгіруден, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, сырықпен ұзындыққа секіру және диск лақтырудан жеңімпаздарды анықтайды.

«Гауһар лигасында» бақ сынайтын спортшылар арасында қазақстандық Altay athletics кәсіби клубында өнер көрсететін кениялық желаяқтар Нора Джеруто мен Дэйзи Джипкемей сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или