Альварес: Жыл бойы допинг-тестілеуден өтемін
Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) VADA ұйымдарының допингке қарсы ұйымдастырылған «Таза бокс» бағдарламасына қол қойды. Бұл жайлы спортшы өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.
«VADA ұйымымен жыл бойы тестілеуден өтуге келісімшартқа қол қойғанымды хабарлағым келеді», - деді Альварес.
Бұл дегеніміз «Канело» жыл бойы жекпе-жегі бар не жоғына қарамастан кез келген уақытта допинг сынамасын тапсырып отырады. Ол тестілеудің қашан басталатынын нақты айтқан жоқ.
Еске сала кетейік, Головкинмен кездесу алдында <span>допинг тесттен </span><span>сүрінген </span>«Канело» жүйелі түрде допинг-тестілеуден өтуге міндеттелген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или