Головкин жапон Риота Муратамен жекпе-жек өткізуі ықтимал

Головкин жапон Риота Муратамен жекпе-жек өткізуі ықтимал

Boxing-social.com сайтының мәлімдеуінше, Сауль Альвареспен рематч өтпейтін болса, Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратамен жұдырықтасады.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, бұл жекпе-жек те Головкин үшін коммерциялық тұрғыда табыс алып келеді. Top Rank боксшысы Мурата өз елінде өте танымал.

Риота Мурата биыл сәуірде Эмануэле Феличе Бландамурамен жекпе-жекте WBA тұрақты белбеуін алғаш рет қорғап қалған болатын.

Ал Головкин қыркүйекте Сауль Альвареспен рематч өткізеді деп күтілген. Алайда қос тарап сыйақы мөлшерін бөлісе алмай, кездесу өтпей қалуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или