Том Леффлер не үшін табысты тең бөлуді талап еткендерін түсіндірді
WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер екінші кездесу алдында боксшы не үшін табысты тең бөлуді талап еткенін түсіндірді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Леффлердің айтуынша қазақстандықтың бұндай талап қоюына екі жағдай себеп болған.
Біріншісі, Сауль Альварестің 5 мамыр күні өтуі тиіс жекпе-жекке дайын болмай шығып, бірқатар жоспарларды бұзғаны үшін болса. Екіншіден, былтыр қыркүйек айында өткен алғашқы кездесуде табыстың тым әділетсіз бөлінгені себеп болып отыр екен.
Ақпарат құралдарында жазылуынша бұған мына жағдай себеп болған, Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) командасы қазақстандықпен өтетін қарымта матчтан түскен табыстың 65%-ын өзіміз аламыз деп отыр. Ал отандасымыздың командасы табысты теңдей бөлсек деген талаптарын қойды. Осы мәселеге келгенде қос тараптың жолы екіге айырылды.