«Арландар» маусымды тамаша бастады

«Арландар» маусымды тамаша бастады

Алматыдағы «Almaty Towers» бизнес кешенінде әзірбайжандық «Baku Fires» клубын қабылдаған «Астана Арландары»  4:1 есебімен айқын жеңіске жетіп, биылғы WSB бокс сериясының маусымын тамаша бастады.

Шаршы алаңды әдеттегідей жеңіл салмақтағы спортшылар бірінші беттеді. Жерлесіміз Анвар Мұзапаров әзірбайжандық Хамза Наметовпен жұдырық түйістірді (Baku Fires). Бірінші раунда қос боксшының әлеуеті шамалас көрінді. Алайда екінші кезеңде Анвардың қабағы жарылды. Отандасымыз бес раундқа шыдаса да жеңісті жұлып әкете алмады. Төрешілердің шешімімен Хамза Наметов жеңімпаз атанды.

Екінші болып 56 келідегі Бағдад Әлімбеков шықты. Қарсыласы - Магомед Гурбанов, қайсар мінезді, қайтпас жігіт.   Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 3:0 (49:46, 48:47, 48:47) жеңісті жерлесімізге берсе де жанкүйерлердің Бағдатқа көңілі толмағандай. Қарсыласынан қашқақтап жүріп ұрыс жүргізген боксшымыз бірталай соққы өткізді. Техникалық бокс мәнерін таңбақ болған спортшы қарсыласты ұрып жығар кілт таппады. Десек те жеңістің аты жеңіс, Бағдат матчтағы есепті теңестіріп тепетеңдікті орнатты.

Үшінші болып рингке көтерілген 64 келідегі Асхат Уалиханов әзірбайжан Осман Алиевті алғашқы минуттардан-ақ қыспаққа алып, жеңіске бастар жолды таба білді. Ойын мәнері Жәнібек Әлімханұлына ұқсас солақай қандасымыздың бірнеше ауыр соққысы қарсыласқа дарыды. Соңғы раундтарда шаршап қалды демесеңіз бокс кешінде айызды қандырған спортшылардың бірден бірі Асхат болды.

«Astana Arlans» клубының 75 келідегі украиналық легионері Сергей Деревянченко Николай Веселовты 4-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жерлестерімізге жеңісті алдын-ала сыйлады. Деңгейі қарсыласынан біршама жоғары Сергей командадағы үздік боксшы екенін тағы бір дәлелдеді. Соқылары жойқын, нық, діттеген жеріне дәл жетеді. Төреші жекпе-жекті тоқтатпағанда Николай Веселов ауыр нокаутқа кетер еді.

Ауыр салмақта шаршы алаңға көтерілген Василий Левит әзірбайжандық Абдулқадір Абдуллаевты сенімді жеңді. Бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберген Вася бес кезеңде де басым болды. Төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз атанған боксшымыз командаға жеңіс сыйлады.

«Астана Арландары» келесі кездесуін 23 қараша күні ресейлік «Russian Boxing» клубына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или