Қазақстандық боксшы рейтингте 434 орынға көтерілді
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (2-0, 2 КО) беделді BoxRec.com сайтының рейтингінде едәуір көтерілді.
Ол аргентиналық Ариэль Алехандро Сампедриді (9-4, 7 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберіп, BoxRec рейтингінде бірінші орта салмақта бірден 434 орынға көтерілді. Қазақстандық жекпе-жек алдында 929-орында болған, қазір 495-орында тұр.
Айта кетейік, Садриддин 84-ші секундта қарсыласының бауыр тұсынан ауыр соққы жасап, техникалық нокаутқа түсірген болатын. Ол 7 сәуірде алғашқы жекпе-жегін Тони Баррерасқа (1-2, 1 КО) қарсы өткізіп, таңғаларлық жеңіске жеткен болатын, мексикалық бірінші раундтың 31-ші секундында-ақ нокаутқа түсті. Осы жекпе-жектен кейін UCN Live журналисі Райан Скалия "жігіттің болашағы жарқын" екенін айтты, ал оның TVA Sports-тағы әріптесі Николя Мартино "бұл есімді есте сақтауға" шақырды.