Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова FIDE әлемдік рейтингінің ТОП-15-тігіне кірді. Бұған дейін Қазақстаннан ешбір қыз мұндай жетістікке жеткен емес, деп хабарлайды Вaq.kz.
Қазақстандық шахматшы алғаш рет әлемдік ТОП-15 тізіміне енді
Сәдуақасова АҚШ-та өткен танымал Summer Chess Classic турнирінен кейін рейтингтегі орнын жоғарылатты.
Жарысқа он гроссмейстр шақырылды, оның сегізі ер адам болды. Динара үш қарсыласын жеңіп, бірнеше рет тең түсті. Турнир соңында бесінші орын алды.
«Мұндай айтулы турнирге қатысу – мен үшін мақтаныш. Менің келесі мақсатым – үздік 5-тікке кіру. Сонымен қатар, Қазақстан және Орталық Азияда шахматты нәсихаттау жоспарым бар. Себебі, интеллектуалды-дамыған жастарды қолдау Қазақстанның жарқын болашағы болатынына сенемін», - деді Сәдуақасова.
Турнирден кейін спортшы 18-орыннан 15-орынға көтерілді.<span><br /></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или