ITF рейтингісінің 5-ракеткасы Қазақстан азаматтығын алды

ITF рейтингісінің 5-ракеткасы Қазақстан азаматтығын алды

Ресейлік Тимофей Скатов азаматтығын ауыстырды.

ITF жасөспірімдер рейтингісінде 5-ші орында тұрған 17 жасар теннисші енді өзінің туған жерінде ойнайды. Тимофей Петропавл қаласында дүниеге келген. Бірақ бала кезінде Тулаға көшіп, сол жақта теннис жолын бастаған.

2017 жасөспірімдер арасындағы US Open-де Скатов жартылай финалға дейін жеткен еді. Ал 2016 жылы Ресей құрамасымен бірге жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогында топ жарды.

2018 жылдың қаңтарында Тимофей бірнеше апта ITF жасөспірімдер рейтингісінде көш бастап тұрған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или