Деревянченко Головкинге қаншалықты қауіпті қарсылас
Танымал Boxingnews24.com сайтының шолушысы әрі тілшісі Джим Доуэр шаршы алаңда бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген Геннадий Головкинмен украиндық Сергей Деревянченконың болуы ықтимал айқасы туралы ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>«Бокс фанаттарының кейбіреуі Геннадий Головкин украиндық Сергей Деревянченконың айтарлықтай қарсылығына тап болатынын айтып жатыр. Менің ойымша, олай емес. 2008 жылы өткен Олимпиада ойындары кезінде ол кубалық Эмилио Корреадан 18:4 есебімен ұтылған. Украиндық Бүкіләлемдік бокс супер сериясында өзін жаман көрсеткен жоқ, алайда Брайан Кастаноға бәрібір есе жіберіп алды. Деревянченко сұлатқан қарсыластардың көбі аса танымал емес еді», - деп жазады Доуэр. </span>
<span>Еске сала кетсек, Деревянченко қазіргі уақытта Головкинде тұрған IBF титулына міндетті үміткер болып табылады.</span>